Біз туралы

Балабақша туралы жалпы мәлімет

«Таң Шолпан» мектепке дейінгі шағын орталық

Мекеме атауы: «Таң Шолпан» мдшо ЖМ

  1. Қолданылуға берілген жылы: 2013ж;
  2. Жоба қуаттылығы (орын): 50;
  3. Ғимараттың типі: 1 қабатты;
  4. Мекен жайы: Шымкент қ., Тұран ауданы, Байтөреев 62;
  5. Телефон нөмірі: 87470910396;
  6. Оқыту тілі: мемлекеттік тіл;
  7. Жұмыс аптасының ұзақтығы: 5 күндік;
  8. Балабақшадағы топ саны –2

Тәрбиеленушілер саны –50

Оқу –тәрбие жұмысын 5  педагог  атқарады.

Оның ішінде:

   Жоғары білімді 5 педагог.    

   Олардың санаттары төмендегідей:

                    Санатсыз  2 педагог.

 Балалар контингенті.

«Балдәурен» тобы, бала саны – 25;

«Көгершін» тобы, бала саны – 25;

 

 Баланың жан-жақты дамуына 5 сала бойынша ойын материалдар бөлінген,техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып,ойыншық сөрелер қабырғаға бекітілген. Ойыншықтар балаларға қол жетімді етіп орналастырылған.

Танымдық ойыншықтар,қарапайым пазлдар,зерттеушілік қызығушылығын арттыратын қозғалмалы ойыншықтар,қимылды ойындарға қажетті құралдар,ірі және ұсақ моториканы дамытатын Монтессори ойын құралдары, қауіпсіз табиғи материалдардан жасалған ойыншықтар.

Балабақшаның медициналық бөлмесі керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген.Балабақшада тазалық – гигиеналық тәртіп сақтау жолы өте жақсы жолға қойылған.

Жұқпалы аурулардан сақтану,болдырмау шаралары және сауықтыру-шынықтыру жұмысы жоспарлы түрде жүргізілуде.Емдік жұмыстары медбикенің нұсқауымен жүрзізіледі.Балабақша медбикесі шынығу жұмыстары бойынша бақылау жүргізіп отырады. Ата-аналарға кеңестер беріп тұрады.Балалабақша қызметкерлерін уақытылы медициналық тексеруден өткізіп отырады.