Балабақша ережелері

Құрметті ата аналар, сіздердің назарларыңызға,

біздің балабақшада сақталатын келесі маңызды ережелер:

  • Баланы сабак басталганнан кейін немесе тамақтанғаннан кейін алып келсеңіз, киімін ауыстырып, киім ауыстыру бөлмесінде келесі үзіліске дейін күтуіңізді сұраймыз.
  • Баланың қалтасынан өткір, кескіш немесе тескіш заттарды алып тастаңыз.
  • Шайнайтын сағызды балаға бермеуіңізді сұраймыз.
  • Балалардың үйден ойыншықтар алып келмегені жөн.
  • Егер мұғалімге қосымша сұрақтарыңыз болса, сіз таңертеңнен 15.00 ге дейін немесе кешке 17.00 ден кейін сұрауыңызға болады.
  • Талас және жанжал туындаған жағдайлар, тек, балалар жоқ жерде шешіледі.
  • Егер, белгілі бір себептерге байланысты, осы және басқа да сұрақтарды мұғалімдермен шеше алмасаңыз, әдіскер немесе директорға баруыңызды өтінеміз.
  • Сіз бала тәрбиесі туралы ақпаратты немесе жеке көмекті балабақшадан алуыңызға болатынын есіңізге саламыз.
  • Баланы ұқыпты және оған ыңғайлы киімде алып келіңіз. Мезгілге және ауа райына сай киім кигізіңіз. Тым қалың немесе жеткілікті жылы емес киім баланың ауыруына алып келуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.
  • Тек келісімшартта алып жүруші ретінде көрсетілген адамдар ғана баланы әкеліп, алып кете алады.
  • Барлық талас мәселені тыныш және іскери жағдайда, таластың себебін айта отырып және әкімшіліктің қатысуымен шешіңіз.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

  • Тәрбиешілерге балаларды сау емес адамдарға және мектеп жастағы балаларға беруге тыйым салынады.
  • Ата-ананың өтінішімен, ескертусіз, баланы жіберуге тыйым салынады.

Ата-ананың міндеттері:

  • Бала асырау үшін төлемақыны балабақшаға кесте бойынша төлегеніңіз жөн.
  • Ата-аналар, балабақшаға дені сау баланы әкелуіңізді сұраймыз. Емдеуі аяқталмаған бала өзі ауырып қана емес, басқа балаларға да жұқтырады.